• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2020

Оңтүстік Кореяда вируспен ауырғандар саны 12198-ге артты

202 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяда күніне COVID-19-дың 43 жаңа жағдай тіркелуде. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 12198-ге дейін ұлғайса, ал 10774-і жазылып шықты. Ал оның 279-ы қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (KCDC) хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Бұған дейін 278 адамның өлгені туралы хабарланған болатын. Оңтүстік Хан мемлекеті мамыр айының басынан бастап, жаңа COVID-19 жұқтырғандардың саны арта түскенін мәлімдеді. Сол себепті жергілікті емдік кластерлер күніне 79-ын қабылдаса, соңғы үш аптада, тіпті, дәлізде 30-60-қа жуық науқасқа ем-дом шараларын жүргізді.

KCDC мәліметі бойынша, індеттің жаппай тарауы сәрсенбі күні сағат 00:00-де (сейсенбі күні Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де), жағдайдың 31-і жергілікті сипатта ушыға түссе, оның 12-сі шетелден алып келген. Географиялық тұрғыдан алғанда, Сеулде және Кёнги-До провинциясында 13 оқиға тіркелді. Ал карантиндік тексерісте ел бойынша қалғандары 7 инфекция анықталған.

Өткен тәулікте 14 адам ауруханалардан шығарылды. Жалпы, Оңтүстік Корея бойынша 1,13 млн адамды коронавирустық тест сынамасын тапсырған.