• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2020

Жамбыл облысына 5 айда 79 млрд теңгенің инвестициясы тартылды

523 рет
көрсетілді

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 79 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық. Оның ішінде сыртқы инвестициялар өткен жылдың деңгейінен 33% асып, 19 млрд теңгеге жетті, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысы әкімдігі инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізеді, қаржыландыруды талап ететін жобалар бастамашыларына консультациялар мен қаржы көздерін іздейді. 2019 жылғы 28 қарашада Тұңғыш Президент күні аясында "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі өңірлік фронт-кеңсе ашылды. Фронт-кеңсе алаңында инвесторлармен жұмыс істеуге тартылған әкімдік құрылымдары мен ұйымдардың қызметкерлері орналастырылған. Бұл өтініш білдіргендердің бастапқы сұранысының уақытын бір жарым есе қысқартуға мүмкіндік береді.

2020 жылдың басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 47-ден астам өтініші түсті, инвесторлармен 23-тен астам жеке кездесу өткізілді, 11 жоба сүйемелдеуге алынды.

Бүгінгі таңда облыста 11,4 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 69 инвестициялық жоба (2020-2025 жж.) пулы құрылды.

Жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді уақтылы анықтау және шешу үші барлық жобаға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. 

Биыл құны 94,2 млрд теңге болатын 19 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.