• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 18 Маусым, 2020

Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады

356 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен бейнеконференция арқылы тілдесті. «Атамекен» ҰКП басшысы төтенше жағдай режіміндегі және карантиндік шектеулерден кейінгі кәсіпкерліктің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Тимур Құлыбаев зардап шеккен бизнес салаларының түйткілді мәселелерін шешудегі бірқатар жұмыс кездесулерінің нәтижесін алдын-ала жариялады. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП бастамасымен бизнес-қауымдастықтың бірлескен кездесулеріне Премьер-Министр, Үкімет мүшелері, облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысты.

Ел Президентіне 65 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілері қатысқан және кәсіпкерлікті жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүргізілген сауалдамалар мен қабылданған шаралар туралы да баяндалды. Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдарының және «Атамекен» ҰКП-ның жұмыспен қамтудың бірыңғай ахуалдық орталығын құру туралы ұсынысы таныстырылды.