• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 18 Маусым, 2020

Сырқатты жедел жеңетініңізге сенеміз - Жеңісбек Мәуленқұлов

633 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Елбасының сауығып кетуін тіледі.

Сіздің сарабдал саясатыңыздың, кемеңгерлігіңіз бен көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан мықты мемлекетке айналып, бүкіл әлемді мойындатты.  Сіз "Қазақстан жолы" - "Нұрлы жол" сынды өзіндік өзгеше жолды салып, елімізді дамудың биік белестеріне шығардыңыз. Әлеуметтік бағдарлы, экономика, инновация, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы, татулық пен тұрақтылық темірқазық етіп алынды. "Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарысқанға бұйырад" деген қанатты сөзіңіз бар. Қазір ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы бүкіл әлем қызыға көз тігетін әлемдік орталыққа айналды. Елорда - Елбасымыздың ерен ерлігінің жемісі. Мұны жер-жүзінің екі жүзге жуық мемлекетінің баршасы мойындады.

Түркістан қаласын түлету шыңдап қолға алынды. Міне, Сіздің тарихи Жарлығыңыз қабылданып, жаңа облыс құрылып, түркілер төрі Түркістанның орталыққа айналғанына екі жыл толды. Түркістан бір кездегі елорда секілді екі-үш ай сайын танымастай өзгеріп, таңғалдырылуда.

Біз Тәуелсіздік дегенде қасиетті халқымыз бен Тұңғыш Президентімізді ерекше мақтан етеміз.  Мемлекет басшысы, Сіздің ізгілікті ізбасарыңыз, бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастықты, әділеттілікті, ілгерілеуді басты бағдар етіп, сындарлы мұрат жолында аянбай еңбек етуде. Әлемдегі қалыптасып отырған қиындықтарды еңсерудің ерекше жолдарын, парасаттылықпен, жаңашылдықпен таба білуде.

Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің сәл сырқаттанып қалғаныңыз бізді біраз мазасыздандырғанын жасырмаймыз. Біз Сізге барлық кезде де тілектес болдық. Тілеулес бола береміз. Қандай сырқаттан да сергектікпен, көтеріңкі көңіл-күймен, жедел жеңетініңізге сенеміз. Сізге мықты денсаулық, бақ-береке тілейміз!

Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы