• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Маусым, 2020

Ел екпеден неге бас тартады?

1260 рет
көрсетілді

2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егулерден 1 423 бас тарту есепке алынды. Өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскені байқалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева Үкімет отырсында айтты, - деп жазады Egemen.kz

"2020 жылдың 5 айында 1 411 647 адам егілді. Қазақстанда вакцинациямен қамту егуге жататындар санының 92%-ын құрады. Вакцинациялаумен жеткіліксіз қамту төтенше жағдай кезінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізудің тоқтатылуына байланысты. Қазіргі уақытта жоспарлы вакцинация қайта басталды, оның ішінде төтенше жағдай кезінде екпе алмаған балалар егілуде", деді Ләззат Ақтаева.

Вице-министрдің айтуынша, 2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егулерден 1 423 бас тарту есепке алынды, 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өскені байқалды. Бұл ретте бас тартқан адамдар арасында егілгендер саны 725-тен 309-ға дейін 2 есе төмендеді.

"Бас тарту себептері бойынша ең үлкен үлес салмақ жеке сенім бойынша бас тартуға келеді және ол жалпы бас тарту санының 52,9%-ын құрайды, діни пайымдаулар бойынша – 29, вакцинаға сенімсіздік – 11, БАҚ-тағы теріс ақпарат бойынша – 6 пайыз. Бас тартқандар арасында 309 адам егілді", деді ол.