• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Мониторингтік топ Ақмоладағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысты

134 рет
көрсетілді

Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін алу орталықтарының жай-күйін, ондағы қамқоршыларға жасалған жағдаймен танысу әлі де жалғасуда. Арнайы мониторингтік топ Целиноград, Астрахан аудандарында орналасқан осындай мекемелердің жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz

"Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету орталығында 141 адам қамқорлыққа алынған. Дәл осы орталықтың бірнеше адамы коронавирусқа шалдығып емделіп шықты. Қазіргі уақытта карантиндік талаптар қатаң сақталуда. Арнайы мониторингтік топ бейнебақылау камераларының жеткіліксіздігін анықтады. Аталған орталық директорының айтуынша, цифрлы бейнебақылау камераларын орнату үшін бюджеттен 3 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта бұл жұмыстарды атқаруға байланысты келіссөздер жүргізілуде.

"Ғимаратымыз ескі. 1968 жылы пайдалануға берілген. Осыдан төрт жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді. 20 жыл бойы қаңырап бос тұрған клубымыз бар еді, соны жаңалауға облыс бюджетінен 21 млн теңге бөлініп, оны да қалыпқа келтіріп алдық", дейді орталық директоры Сәкен Жекебаев.

Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін алушылардың құқығын қорғау қашан да өзекті. Сондықтан қоғам белсенділерінен және мемлекеттік орган өкілдерінен құралған мониторингтік топ өңірдегі осындай мекемелердің жұмысымен танысуда. Арнайы комиссия анықтаған кемшіліктер жуық арада шешімін табатын болады.