• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Қостанайда ХҚКО жұмыс кестесін өзгертті

330 рет
көрсетілді

Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 29 бұйрығына сәйкес ХҚКО-лар азаматтарды сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Енді Қостанай облысының барлық ХҚКО-лары сағат 10-дан 18-ге дейін жұмыс істейді. Қазір ХҚКО-ларда қағаз түріндегі қызметтер ғана көрсетіледі. Сондықтан тұрғындар электрондық қызметтерді өздігінен немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан алатын болады. Облыс орталығында мұндай алты орталық бар.

Азаматтар қызметтерді Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекке алдын-ала тапсырыс бергеннен кейін ғана ала алады. Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алу үшін сағат 17.30-ға дейін әркім өз кезегін брондап үлгеруі қажет. Одан кешкісе брондау жарамсыз деп танылады", - деді "Азаматтарға арналған үкiмет" КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Шыңғыс Әшірбеков.

Кезекке egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі немесе Telegram bot EgovKzBot2.0 арқылы тіркелуге болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында ХҚКО-ға келуші міндетті түрде медициналық маска тағуы қажет. Сондай-ақ ǝлеуметтiк арақашықтықты сақтау қажет.

 

 

         Қостанай облысы