• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Атырауда екі жасар қыз екінші қабаттан құлады

218 рет
көрсетілді

Құрманғазы ауданында терезеден құлаған сәби бас-сүйек жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Ақкөл ауылында кеше сағат 23:39-да  болған.

"Ақкөл ауылының Иманов көшесінде орналасқан үйдің екінші қабаттағы терезесінен 2 жасар қыз құлап кетті. Балақай жабық бас-сүйек жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды" деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі. Жыл басынан бері Атырау облысында осындай салғырттықтан 4 оқыс оқиға тіркеліп отыр.