• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Алматыда 3,5 мыңға жуық нысан тексерілді

233 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус инфекциясымен күрес барысында санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау үшін мониторингтік топтар жұмыстарын бастап кетті, деп жазады Egemen.kz

15-18 маусым аралығындағы мониторингтік топ ШОБ-тың жалпы 276-ға жуық нысанын тексерді. Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес болмай шыққан тәртіп бұзушылықтар келесі нысандардан анықталды:

­− қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан ірі ("Имран", "Саяхат", "Сырмақ", "Қазан") асханалары және ("Лағманхана", "Пещера", "Пекинская утка", COFFEEROOM & TRATTORIA, Comein, "Мята лаунж","Шашлыкoff" "Грузинская кухня", "У Афанасича", "Грузинская кухня Чачапури") мейрамханалары;

− тез әзірленетін фастфуд желілері ("Шашлычная", "Достар",  Meat & beer,  "Чай ла", Mr.Donerci, "Чайхана", Mr.Donerci, "Хот дог");

− кішігірім кафетерий желілері ("Алатау", "Дом", "Кофейня", "КОТ кофейня",  "Теплица", Holder, "Недель", Кitchen shisha, "Блинная", , Чак-чак "Кафе быстрого питания",  Doner Burger Pizza,  "Ақ Бұлак",  "Атуш", "Восточная Кухня");

− азық-түлік дүкен желілері ("Жұлдыз", "Әділ", "Ай", "Акжар", "Арай", "Азия",  Respect, Rieker);

− сұлулық салондары мен шаштараз желілері (Musthave Barbershop, Insta salon, "Бьюти Д и Б", VIRABEAUTYCLUB, "Арзу", "Авесса"-3, Барбер Шоп, "Натали");

­− қонақүй желілері (ALTAI Business Hotel, Absolute);

− нотариус желілері (Миятова Г.Д ЖК, Нурекина Г.С. ЖК,  Ли Т.М.ЖК Нотариусы, Хасанова М.Д.ЖК Нотариусы, Шингисбаева Т.К ЖК Нотариусы, Абдрашитов ЖК Нотариусы,  Абишев Т.Б ЖК Нотариусы);

сондай-ақ Mobilnik мобильді аксессуарлар дүкенінен, фризерлі балмұздақ сататын дүңгіршектерден, А-Аптека дәріханасынан, аяқ киім жөндеу орындарынан, оқу орталығынан, "Дентал", Энерго Экспертиза стоматологиялық орталықтарынан, Тас Кредит, "Алтын Гарант" ломбардтарынан және "Алматы Газ" абонеттік есептеу орталығы» ЖШС-нан заңға қайшы әрекеттер байқалды.

Эпидемиологтер санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын қайта-қайта ескертіп отыр. Алайда жоғарыда аталған нысандардан мынадай тәртіп бұзушылықтар анықталды:

- әлеуметтік қашықтық белгілерінің болмауы;

- байланыссыз термометрияның сақталмауы;

- жеке қорғану құралдарын тиісінше пайдаланбау және кәдеге жаратпау;

- есепке алу журналының болмауы;

- санитайзерлердің болмауы;

- павильондардың кіреберістерінде дезинфекциялау кілемшелерінің болмауы;

- пайдаланылған маскалар мен қолғаптар үшін қоқыс жәшіктерінің болмауы;

- азық-түлік дүкендеріннің өнімдерінде қорғау пленкаларының болмауы.

Сонымен бірге жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтар жойылғанға дейін 22 нысанның қызметі тоқтатылды. Олардың арасында Yes Style аяқ киім бутигі, Luisa Spagnoli киім бутигі, Via Roma киім бутигі, "Актив" ломбарды, Luckee Yu, "Салем", "Eden", "Чайхона №1", London, "Столовая", "У Анарыча", Bazzlama, "Лагманхана", "Айша", "Акжол" кафетерийлері, "BEER", "Продукты", "Панда", "То, что надо", "Настя", "Ғалым" азық-түлік дүкендері, "Баян сұлу" сұлулық салондары бар.

Алматы қаласы бойынша барлығы 3442 нысан тексерілді. Солардың ішінде 402 нысаннан талаптардың бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты ескертулерді түзеткенге дейін 303 нысанның қызметі тоқтатылды (солардың ішінде 284 нысанға басшылықтың шешімімен және 19 нысанға қаулылар бойынша) тиісті шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ қоғамдық көлікте санитарлық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта 16 маусымда №102, 48, 19, 115 бағыттардағы қоғамдық көліктерге тексеру жүргізілді. Тексеріс барысында жолаушылардың, жүргізушінің жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және жоюдың ережелерін дұрыс сақтамағандықтары анықталды. Аталған автопарктердің басшыларына ұсыныс хаттар дайындалады. Эпидемиологтер автобус жолаушыларына КВИ-ды алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда, олардың құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі аудандық департаменттерінің, кәсіпкерлік бөлімдерінің, «Атамекен» аймақтық палатасының өкілдері, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері кіреді.