• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 21 Маусым, 2020

ҰБТ-2020: елімізде тестілеу басталды

471 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 21 маусымнан елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Биыл тестілеуді тапсыруға 131 755 талапкер өтініш білдірген. Ал ҰБТ-ның алғашқы күні 6,5 мың адам тест тапсырады. 

Талапкер тестілеуге кіру алдында дезинфекциялаудың 5 кезеңінен (тоннель, аяқ киімін тазартатын кілемше, қолын ан­тисептикпен сүрту, дене қы­зуын өлшеу) өтеді. Осыдан соң тест тапсырушы өзінің бет әл­петін арнайы бағдарлама ар­қылы сәйкестендіріп, өзі та­ғып келген медициналық мас­касын кіреберісте берілетін жаңасымен алмастырады. Әрі қарай жылдағыдай тексеріспен (ҰБТ-ға рұқсат етілмейтін зат­­тардың бар-жоғын бақы­лау) тестілеуге кіріп, ауди­то­риядағы арақашықтығы сақ­талған орынға отырады. Ал тестілеу өткізілетін аудитория уақтылы желдетіліп, тес­тіленушілердің әр легінен соң та­зартылуы тиіс.

Пандемия кезіндегі ҰБТ-да бұрынғыдай ата-аналарға және басқа да адамдарға ҰБТ өткізу пунктеріне келуге және ғимарат аумағында болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Әрбір аудиторияда бейнебақылау камерасы орнатылған, ата-аналар үшін онлайн-трансляция қолжетімді болады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіретін арнайы мониторинг топтары бақылайды. 

Естеріңізге сала кетейік, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты ірі қалалардағы талапкерлер ҰБТ өткізу пункттеріне арнайы жеткізілетінін жазғанбыз.