• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2020

Көкшетаулық құтқарушылар қан тапсырып, қамқорлық көрсетті

177 рет
көрсетілді

Таяуда облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, бір бүлдіршін өмірден озып, екеуін қатты күйік шалған  болатын. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің 40-қа жуық маманы өрттен зардап шеккен қос бүлдіршіндерге  қан тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тілсіз жаумен арпалысатын құтқарушылар осылайша өздерінің азаматтық позициясын білдіруде. Қан тапсырып, қолдан келгенше көмек көрсетіп жатқан құтқарушылардың арасында болған жайды көзімен көріп, балалардың өміріне араша түскендер де бар.

"Біздің өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына алғашқы болып жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға бар күшін салды. Одан кейін ауруханадағы екі қызға көмек керек екендігін естіп, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары мен қаладағы барлық өрт сөндіру бөлімдері, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының оқытушылары осы шараға қатысуды жөн санадық", – дейді №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Жандос Жармұханбетов.

Екі қыздың жағдайына алаңдаулы қала тұрғындары да бұл ретте белсенділік танытуда. Облыстық қан орталығының мамандары донорлардың көбеюі адамдардың бойындағы жанашырлық сезімнің молдығынан деседі.