• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Маусым, 2020

1 шілдеден бастап көпбалалы отбасыларға өзгерген жәрдемақы беріледі

7443 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Қазақстанда 400 мыңға жуық көпбалалы отбасы арнайы жәрдемақы алды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде көпбалалы отбасыларға арнайы жәрдемақы енгізілді. Жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқуда оқитын студенттерге, олардың табыстарына қарамастан тағайындалды.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты төрт баласы бар − 44 448 теңгеден жеті немесе одан да көп 77 784 теңгеге дейін берілді. Бүгінде соның шамамен 392 мыңы табысталды. Алайда төлем алушылар қолданыстағы ережелердің белгілі бір санатын бұзған еді. Сол себепті де он алты баласы бар отбасы жеті баласы бар отбасы сияқты тең мөлшерде алып жүрді.

Аталған олқылықтарды жою үшін Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 13 мамырында сегіз және одан көп балалы отбасыларға арнайы жеңілдіктер белгіленген заңға қол қойды. Сонымен сегіз баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңге, тоғыз баламен 100 008 теңге, әрі қарай 10 − 111 120 теңгеден, 11 − 122 232 теңгеден, 12 − 133 344 теңгеден, 13 − 144 456 теңгеден белгіленсе, 14 − 155 568 теңгеден, 15 − 166 680 теңгеден және 16 баласы бар 177 792 теңгеден берілетін болды.

Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері жәрдемақының жоғарылауына байланысты 1092 жуық іске шешім қабылдады.

Жәрдемақы мөлшері кәмелетке толмаған балалар санының, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік ұйымдарда күндізгі бөлімде оқитын, орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған балалар санының өзгеруіне байланысты қайта есептеледі. Бірақ олар білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылып және кәмелетке толғанға дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап көпбалалы отбасылар өзгерген жәрдемақы мөлшерін ала бастайды.