Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оспанов Серік Жәмекеұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ 3 шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Серік Оспанов индустриялық даму мәселелерімен айналысады.