• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Маусым, 2020

Шахматшылардың онлайн-турнирі жалғасуда

160 рет
көрсетілді

Шахматтан Норвегияның мақтанышы, әлем чемпионы Магнус Карлсеннің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Chessable Masters онлайн-турнирі жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі кезде үшінші кезеңдегі кездесулер өтуде. А тобында әзірге Владислав Артемов алда келеді. Ресей шахматшысы 3,5 ұпай олжалап отыр. Екінші орында – оның командалық әріптесі Даниил Дубов. Оның еншісінде 3 ұпай бар. Үшінші және төртінші орындарды норвегиялық Магнус Карлсен мен америкалық Хикару Накамура бөлісуде. Олардың әрқайсы 2,5 ұпайдан иемденуде. 

В тобында қоржындарында үш ұпайдан бар франциялық Максим Вашье Лаграв пен нидерландтық Аниш Гири үзеңгі қағыстырып келеді. Одан кейінгі сатыларға қытайлық Лижэнь Дин, ресейлік Ян Непомнящий және америкалық Фабиано Каруна жайғасты. Олардың көшбасындағы шахматшылардан жарты ұпайы кем.