Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады", делінген хабарламада.