Жүкті әйелдер үшін тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу өте маңызды екендігі аян, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондықтан да МӘМС пакетіндегі кеңес беру мен диагностиканың тегін 14 түрінің ішінде бұл мәселе қарастырылған.
Қазіргі таңда елімізде бала таба алатын жастағы (яғни, жүктілік үшін ең қолайлы) әйелдердің денсаулығының жай-күйі туралы статистика жаһандық процестерге сәйкес келетіндігін көрсетеді.Мысалы, түсік жасату 10 жылдан бері азайып келеді: 2010 жылы мың әйелге шаққандағы 23 жағдайдан 2018 жылы 15,2 жағдайға төмендеген.
Шығыс Еуропа елдеріндегі және Ресейдегі сияқты жүкті әйелдер жылдан жылға клиникаларға уақтылы тіркелуге жауапкершілікпен қарайды: егер 2005 жылы 28% дерлік кеш тіркелсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 15% дейін төмендеді.
Жүкті әйелдер мемлекет МӘМС жүйесіне сақтандыруға аударым жасайтын азаматтардың 15 жеңілдік санатына енеді.
Демек, болашақ аналарға медициналық-генетикалық қызметтердің құны туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Аяғы ауыр әйелдерге тұқым қуалайтын кеселдерді анықтау үшін ең қымбат скринингтер мен генетикалық сынақтарды қоса алғанда ақысыз қызмет көрсетіледі. Мысалы, МӘМС пакетіне әйелдердің қатерлі ісік ауруын анықтауға көмектесетін ФИШ-әдісі сияқты заманауи молекулярлы цитогенетикалық зерттеу түрі кіреді.
Жадынамада МӘМС пакетінде алуға болатын тегін медициналық- генетикалық қызметтердің толық тізімі жинақталған.
Сондықтан, жүкті келіншектерге қосымша ақпарат алуға болатын медициналық сақтандыру қоры байланыс орталығының 1406 номерлі телефонын сақтап қойғаны абзал.