• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Маусым, 2020

Шайбалы хоккейдан әлем чемпионаты келесі жылы өтеді

355 рет
көрсетілді

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) 2021 жылғы әлем чемпионаты 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Минскі мен Рига қалаларында өтетінін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы "В" тобында өнер көрсетеді. Балтық жағалауында өтетін турнирде жерлестеріміз Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия және Италияға қарсы ойнайды. "А" тобындағы жарыс қожайындарынан бөлек, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, және Ұлыбритания бақ сынайды. Бұл бәсекелер Беларусь елінің астанасында өтеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, осының алдындағы әлем чемпионаты былтыр Словакияның қос қаласы – Братислава мен Кошицеде ұйымдастырылған болатын. Бас жүлдені Финлияндия құрамасы олжалады. Финалда олар Канаданы қапы қалдырса, қола медаль Ресейге бұйырды. Ал биыл Швейцарияда жалауы желбіреуге тиіс дүниежүзілік дода коронавирустың кесірінен өтпей қалды.