• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Шымкенттіктер "Халық алғысы" медалімен марапатталды

352 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар.
Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады.   Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан соң еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар жиында қоғам белсенділері сөз алып, өз алғыстарын да жеткізді.