Атырау облысында қалыңдығынан 6 млн. теңгені алдап алған жігіт бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы «Мой город» порталы жазды.
Өз алдына отау құруға сөз байласқан екі жас Астана қаласынан пәтер сатып алмақшы болады. Қыз болашақ күйеуіне ата-анасынан алған 6 млн. теңгені ұстатады. Ал бұл жігіт мұның алдында да алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін иемденген екен. 6 млн. теңгені алып, ізім-ғайым жоғалған «күйеу баланы» құқық қорғау қызметкерлері ұстап берді. Ол сот үкімімен 5 жыл 10 айға бас бостандығынан айрылды.
Бақытбек Кенешұлы.