• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2013

Қазақстан армиясы келісім-шарт негізінде қалыптастырылады

383 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі 2016 жылға қарай келісім-шарт негізінде өзінің құрылымын қалыптастыруды көздеп отыр. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Келешекте қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери қызметшілердің 65 пайызы жаңадан әзірленетін келісім-шарт бойынша қызмет атқарады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚК Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов былайша түсініктеме берді: «Қазір Қорғаныс министрлігі бойынша 12 мыңға жуық мерзімді қызметтің сарбаздары қалды. Біз осы күзде 6 мың жауынгерді запасқа шығарып, 1,5 мың адамды әскер қатарына шақырамыз. 2014 жылдың көктемінде тағы 6 мың жауынгер запасқа шығарылса, 1,5 мың адам әскер қатарына шақырылатын болады. Уақыт өте келе осы 1,5 мың шақырылушы 500 адамға дейін қысқармақ. Сондықтан 2016 жылы армиямызды 99 пайыз кәсібилер құрайды деген сенімдеміз».

«Қарулы Күштер құрамындағы әскери қызметшілер лайықты еңбекақы мен әлеуметтік пакетті иеленіп, тұтастай тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 10 жылдан кем қызмет еткен әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы төленетін болады. Ал алыс гарнизондағы әскери қызметшілер үшін тұрғын үйлер салынады»- деп жазылған Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ескерте кететін жағдай, әскерге шақырылушының жоғары білімі болса, онда ол 6 айдан соң келісім-шарт бойынша қызмет атқарады. Ал қалғандары бір жылдан соң келісім-шарт негізінде әскери қызметін жалғастыра алады екен.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар