• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Алматы дәріханаларында дәрі-дәрмектердің жеткіліксіз екендігі рас па?

522 рет
көрсетілді

Бұл күндері мегаполистегі дәріханаларда кезек пайда болып, қала тұрғындары дәріханаларда кейбір қажетті дәрілердің жоқекендігін, қызу өлшегіштің тапшылығы туралы хабарлап, алаңдаушылық танытып отырғаны белгілі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы мәселеге орай, Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті төмендегідей жауап берді.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдай кезіндегі шектеулер алынып тасталғандықтан, Алматы қаласында респираторлық вирустық инфекцияның, атап айтқанда, коронавирустық инфекцияның өсуі байқалады. Осындай жағдайға жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға, термометрлерге сұраныс өсті. Бұл ретте, көптеген азаматтар әлеуметтік желілердегі  бейресми кеңестермен өз таныстарының кеңестеріне сүйене отырып, өздіктерінше емделу үшін дәрілік заттар сатып ала бастады. Алайда, қаладағы көтерме сауда компаниялары мен дәріханаларда жүргізген мониторинг бойынша  дәрілік препараттар жеткілікті.

Бүгінде қаладағы дәріханалар мен қоймаларда Парацетамолдың (0,5 №10)  24 370 қорабы бар, сондай-ақ "Іңкәр" және "Медсервис плюс" дәрілік заттар  компанияларына 450 000 қорап әкелінеді және олар кедендік тексеруден өткізілуде. Және Панадол, Эффералган, Фервекс, Колдрекс, Күн/Түнсияқты құрамында  парацетамолы бар дәрілік саны жеткілікті.

Ацикловир дәрілік затының вирусқа қарсы ұқсас түрлері – Инговерин, Тамифлю, Кагоцел жеткілікті көлемде.

Инговерин 90 дәрісінің 68 480 қорабы сертификаттан өтіп жатыр және ол биыл шілде айында сатылымға түседі.

Дене қызуын өлшейтін құрал туралы көтерме фармацевтикалық компаниялармен Қазақстан Республикасына осы медициналық бұйымдар  жылдам жеткізуге келіссөздер жүргізілуде. Өндірілетін өнімдерге дайындаушы  елдерде үлкен сұраныс болғандықтан (Ресей, Қытай Халық Республикасы) және  басқа да  елдерге шығарылатындықтан, көлемнің шектелуі күрделілік туғызуда.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз халықты өз бетінше ем-доммен айналыспауға, әсіресе, күшті антибиотиктерді дәрігердің кеңесінсіз пайдаланбауға шақырамыз. Өйткені, салдары ауыр болуы мүмкін.Әлеуметтік желілерде пайда болған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Аурудың алдын алу мақсатында қазіргі уақытта жеткілікті дәрумендерге бай өсімдікті тамақтарды көп ішу қажет", деді Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.