• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 25 Маусым, 2020

Президент: Бейбіт жиындарға қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы

170 рет
көрсетілді

Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" басылымына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бейбіт жиындар мен митингтерге қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ре­тінде азаматтардың құқығын толық қамтамасыз ету – менің міндетім. Бұл жөнінде былтырғы Жолдауымда айттым. Парламент "Бейбіт жиындар туралы" жаңа заң қабылдады. Қоғамдық сараптамадан өткен аталған заң – менің ойымша, еліміздегі демократия­ны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам", деді Президент "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында.

Осы орайда ол бейбіт жиындарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті екенін айтып өтті.

"Осындай жиындарды өткізу үшін бірқатар арнайы орын бөлінді. Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Сондай-ақ олар Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет. Бұл – қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде болған соңғы оқиғаларды ескеру керек", - деді Мемлекет басшысы.