• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Маусым, 2020

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ басқаруға болады – К. Надыров

259 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты жан-жақты баяндады, - деп хабарлады Egemen.kz.

Эпидемия басталғаннан бері қалада жалпы 3 530 жағдай тіркелсе, 2 178 адам сауығып, емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны – ­­ 23.

Алдымен Алматының Бас дәрігері бүгінде қала стационарларында 1 398 науқас емделіп жатқандығын атады.

Камалжан Надыровтың айтуынша, 19 адамның халі өте нашар және 173 науқастың жағдайы ауыр. Сол сияқты жағдайы орташа  –1044 және қанағаттанарлық жағдайда 162 адам тіркеліп отыр.

Қазіргі уақытта қала бойынша стационарлар мен алғашқы санитарлы-медициналық көмек көрсету ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстары толыққанды жүргізіліп жатыр.

Тек өткен аптада ауруханаларға жатқызу мен жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалу саны екі есе артқан болатын.

Науқастар санының өсуі – қант диабеті, жүрек аурулары, артериалды гипертензия сияқты аурулары бар пациенттердің көбеюімен байланысты деген қорытындыға келіп отырмыз. Сондай-ақ, аурудың ауырлығы мен пациенттердің жас арасындағы байланыс анық байқалады, яғни жағдайы ауыр және өте ауыр пациенттердің 80%-дан астамын 60-тан асқандар құрайды.

Талдау 20-29 жас аралығындағы адамдардың ең жиі жұқтыратынын көрсетеді – 35% жұқтырғандар, 60 жастан асқан адамдар – 9%.

Сондай-ақ, жалпы динамикада дерті ауыр және өте ауыр өтіп жатқан пациенттердің көбейгені байқалады.

"Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ басқаруға болады. Қазіргі уақытта қала бойынша стационарлар мен алғашқы санитарлы-медициналық көмек көрсету ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстары толыққанды жүргізіліп жатыр.

Тек өткен аптада ауруханаларға жатқызу мен жедел-жәрдем қызметіне қоңырау шалу саны екі есе артқан болатын.

Бүгінгі күні өкпені жасанды желдету аппараттарына 11 науқас, өкпенің инвазивті емес жасанды желдетуге – 15 адам қосылды", – деді Алматының Бас дәрігері.