Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Халықтық партиясының Вице-президенті Марио Дэвидпен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Әңгімелесуші тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың сауда-экономикалық, саяси ынтымақтастығы, ғылым, технология, инновация және энергетика саласындағы жаңғыртулар, сонымен қатар, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде өзара әрекеттесу жайын талқылады.
Е.Ыдырысов өткен маусым айында Еуропалық Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың Қазақстанға сапарының маңызды қорытындысы ретінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңартылған шартын дайындауды тездету туралы келісімге қол жеткізілгендігі жөнінде хабарлады. ҚР СІМ басшысы алдағы келіссөздер үдерісін ілгерілетуге және келісімдерге қол қоюға Қазақстанның мүдделілігін атап айтты.
Әңгіме барысында қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуығы үлесіне тиесілі Еуропалық Одақтың Қазақстанмен ірі сауда-экономикалық әріптестігі туралы әңгіме қозғалды. ҚР-ЕО сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 26 млрд. АҚШ долларын құрады.