• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2020

Қала көшелерінде мотокөлікпен жүрудің тәртібі түсіндірілді

346 рет
көрсетілді

Шымкентте 18-25 маусым аралығында қалалық полиция департаменті "Мотокөлік" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат – мотокөлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында аудандық Полиция басқармалары мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мотоцикл жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын   жүргізуде.

Сонымен қатар, түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша және қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқару сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

7 күнге жалғасқан "Мотокөлік" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде мотокөлік жүргізушілерімен жасалған 78 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Тарқатып айтар болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (тыныштықты бұзу) - 6; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі – 3; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) – 3; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару) - 20; ҚР ӘҚБтК-нің 593-бап (жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) – 19; ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 20; ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) – 3; ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеу) –4 құқықбұзушылық анықталған.