• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Маусым, 2020

Ресей азаматына айыппұл салынды

622 рет
көрсетілді

Қостанай облысы аумағында діни мазмұндағы материал таратқан Ресей азаматына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс прокуратурасының экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қостанай облысында тұратын 38 жастағы РФ азаматының діни мазмұндағы материалдар таратқанын анықтап, екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Оған алғаш 2020 жылғы наурыз айында Қостанай қаласының соты  радикалды-діни ағымды насихаттайтын бейнематериалдар таратқаны үшін 185 570 теңге айыппұл салған. Бұл жаза аса әсер ете қоймаса керек, мамыр айында Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты дәл осы азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша тағы 138 900 теңге айыппұл  салған.

Жыл басынан бері аймақта 6 адам радикалды және деструктивті діни мазмұндағы материалдарды сақтағаны және таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 453, 490-баптары бойынша жалпы көлемі 1 миллион теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Облыс прокуратурасының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасы облыс тұрғындарына күмәнді сайттар мен топтарға кірмеуге кеңес береді.

 

Қостанай облысы