Orbis Auto автомобиль тобының дилерлік орталықтары карантиннен кейінгі кезеңде люкс автомобильдердің сатылымын арттырды, деп жазады Egemen.kz
Соңғы айлардың деректерін талдау дағдарыс кезеңінде премиум-сегмент жаппайға қарағанда өзін еркін сезініп, дағдарысқа аз ұшырайтынын байқатты. "Люкс" сегментінің брендтері карантин кезеңінің наурыз және сәуір айларында тұрақты онлайн сатылымды көрсетті, ал мамыр айының қорытындысы бойынша айлық орташа көрсеткіш деңгейін ұстап тұрды.
Коронавирустық шектеулерге байланысты онлайн сату осы көктемде даму үшін жаңа серпін алды. Атап айтқанда, Porsche сатылымы сәуір айында айлық орташа сату көлемінің 86% құрады, Audi 50%, ал Cadillac 12%. Сәуір айында сатылымның құлдырауына қарамастан (-85%), 2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Cadillac автомобильдерін сату өткен жылдың ұқсас кезеңі деңгейін сақтай алды және 43 автомобильді құрады, бұл біздің еліміз үшін жақсы көрсеткіш.
"Коронавирус пандемиясы біздің компанияның сандық кеңістікке көшуін тездетті. Біз бизнес-процестерге қайта қарап, digital-маркетинг саласындағы инвестицияларды ұлғайта біздің дилерлік орталықтардың барлық сайттарын онлайн сатуға бейімдедік. Осы ретте Қазақстанда автомобильдерді толықтай қашықтықтан сатуға көшу әзірге екіталай, бұл клиенттердің қалауына байланысты екенін айта кеткен жөн, дейді Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова.
Оның айтуынша, тұтынушылар үшін автомобиль тек қозғалыс құралы емес, маңызды актив болып қала береді. Автокөлікті таңдау сатысында клиенттердің кеңейтілген онлайн-мүмкіндіктерге қызығушылық танытқан.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың мамыр айында кейбір ірі қалада карантин аяқталғаннан кейін, компания Cadillac Escalade маркасы бестселлері мен флагманының 7 бірлігін және Audi маркасының 5 автомобилін сатты, соның ішінде Q8 ірі кроссоверінің 4 бірлігі және А6 бизнес-седанының 1 бірлігі бар. Ол Қазақстанға осы жылдың мамыр айында келіп түсті. Porsche-нің 6 автокөлігі сатылса, оның жартысы Panamera-ға тиесілі.
Ал Cayenne-нің Қазақстанда әрқашан флагман ретінде танылып және осылайша қала беретініне қарамастан, Porsche Center Almaty өкілдері қазақстандық сатып алушылардың құны 52 000 000 теңгеден басталатын қуаты 243 кВт (330 л.с.) 3,0 литрлік битурбо қозғалтқышы бар Panamera 4 мерейтойлық шығарылымына қызығушылығын атап өтеді. Жайлылық пен жүріс бөлігіндегі кеңейтілген базалық жабдықтаумен, сондай-ақ қосымша эксклюзивті екпінмен ерекшеленетін бұл модель мамыр айында Porsche сату нәтижелерін екі есе арттырды.