• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2020

Қызылордада Армениядан әкелген 123 көлік заңдастырылды

323 рет
көрсетілді

Қызылордадағы халыққа мамандандырылған қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында өткізілетін шара басталғалы бері облыстың 123 тұрғыны қажетті құжаттарды ұсынып, Армения Республикасынан әкелінген көліктерін тіркеп үлгірген.

Есепке алынған машиналарға сары нөмір беріліп жатыр. Оң жақ рөлді көліктер тіркеуге жатпайды.

Сонымен қатар халыққа мамандырылған қызмет көрсету орталығында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, Call-орталығы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.