Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ақпараты бойынша республика халқын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамту бүгінгі таңда 84% - ды құрайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру кездесуі аясында сөйлеген сөзінде салалық ведомство басшысы Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында аналогтық телевизия толығымен өшірілгенін хабарлады.
"Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға өтеді. Министрлік радиохабар таратуды дамыту тұжырымдамасымен жұмыс істей бастады, онда жабдықтарды жаңғырту, сондай-ақ радиохабар желісін кеңейту, әсіресе еліміздің шекаралас аудандарында да қарастырылған", - деді министр.