Қорғаныс министрлігімен "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы әзірленді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс ведомствосының жұмыс тобымен ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды жинақтау, жалпылау және мақсатқа сәйкестігін бағалау жүргізілді. Сонымен, Ішкі қызмет жарғысына 26 өзгертулер мен толықтырулар еңгізу ұсынылса, Тәртіптік жарғыға 28 өзгертулер мен толықтырулар қосылды, Гарнизондық мен қарауылдық қызметтер жарғысына 22 өзгертулер мен толықтырулар және саптық жарғыға - төрт толықтыруды енгізу ұсынылып отыр.