• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2020

1-2 шілдеде жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады

2058 рет
көрсетілді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго вагондарынан құралған келесі коммерциялық жолаушылар пойызының уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

1. № 19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол − Атырау" 2020 жыл 1 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол; 2020 жыл 2 шілдеден бастап Атыраудан жөнелтіледі.;

2. № 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол − Орал" 2020 жыл 2 шілдеден бастап Нұр-Султан-Нұрлы жол; 2020 жыл 3 шілдеден бастап Оралдан жөнелтіледі.;

3. № 701/702" Алматы-2 − Нур-Сұлтан-Нұрлы жол"  2020 жыл 1 шілдеден бастап "Алматы-2"; 2020 жыл 2 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтіледі.

Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар темір жол билеттерін қайтаруды ресімдей алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады, сондай-ақ басқа баламалы пойыздарға билеттер сатып ала алады:

"Нұр-Сұлтан-Атырау" бағыты бойынша:

№47/48 Нұр-Сұлтан − Атырау бағытымен бір күн өткен соң, Нұр-Сұлтан-НЖ 19.49-да аттанып, Атырауға сағат 10.32-де келеді. Атыраудан сағат 22.30-да аттанып, Нұр-Сұлтан-НЖ 13.03-те келеді.

 

"Нұр-Сұлтан-Орал" бағыты бойынша:

- №51/52 Алматы − Нұр-Сұлтан − Орал бір күн өткен соң, Нұр-Сұлтан-1 тақ күндер бойынша 10.47-де аттанып, Оралға 13.12-де жұп күндер бойынша келеді. Оралдан кері қайту күндері жұп күндер бойынша 15.42-де аттанып, Нұр-Сұлтан-1 тақ күндер бойынша 17.19-да келеді.

 

"Нұр-Сұлтан − Алматы" бағыты бойынша:

- №4/3 Нұр-Сұлтан − Алматы күн сайын қатынайды. Нұр-Сұлтан-НЖ-дан 15.47-де аттанып, Алматы-2-ге 06.44-те келеді. Алматы-2-ден 14.40-та аттанып, Нұр-Сұлтан-НЖ-ға 05.40-та келеді.

- №10/9 Нұр-Сұлтан − Алматы күн сайын қатынайды. Нұр-Сұлтан-НЖ-дан 21.30-да аттанып, Алматыға 16.08-де келеді. Алматы-1-ден 19.15-те аттанып, Нұр-Сұлтан-НЖ-ға 14.00-де келеді.

- №52/51 Орал − Нұр-Сұлтан − Алматы бір күн өткен соң, Нұр-Сұлтан-1 тақ күндер бойынша 17.40-та аттанып, Алматы-2-ге жұп күндер бойынша 07.46-да келеді. Алматы-2 жұп күндер бойынша 20.27-де аттанып, Нұр-Сұлтан-1 тақ күндер бойынша 10.27-де келеді.

- №706/705 Петропавл − Нұр-Сұлтан − Алматы күн сайын қатынайды. Нұр-Сұлтан-1-ден 21.16-да аттанып, Алматы-2-ге 10.54-те келеді. Алматы-2-ден 18.01-де аттанып, Нұр-Сұлтан-НЖ 07.35-те келеді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша, орын бар екендігі және жол жүру құны туралы өзекті ақпаратты 105 анықтама қызметіне қоңырау шалып білуге болады (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ал Ұялы телефоннан минутына 112 теңге алынады).

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды!