Республикалық маңызы бар 160-220 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Жолдың 60 шақырымындағы жұмыстарды жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр.
Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары жаңартылуда. Аталмыш жұмыстар аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілетін болады. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен техниканың 116 бірлігі жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni Generali S.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылау шараларын "Consult Enginering" және "ZS Enginering" компаниялары жүзеге асыруда.
Жалпылай алғанда, биыл Ақтөбе облысында "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ. Бұл - жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы.
Еске салайық, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1892 шақырымды құрайды. Жолдардың шамамен 70% жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.