2020 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі - «ХТО») Online Astana Finance Days 2020 үшінші жыл сайынғы қаржылық конференциясы шеңберінде арнайы вебинарлар өткізуде. Вебинарлар дауларды шешудің негізгі аспектілеріне және COVID-19 пандемиясы кезінде және одан кейін пайда болған жаңа трендтерге арналады, деп хабарлайды Egemen.kz
Вебинарлар АХҚО Соты мен ХТО соты "2020 жылдың сәуір айында АХҚО Соты мен ХТО-ның вебинарлар бағдарламасы" атты іске қосылған арнайы бағдарламаның бір бөлігі болып табылады, АХҚО Сот төрешісінің, ХТО төрешілерінің, сондай-ақ ірі халықаралық және қазақстандық заң фирмалары серіктестерінің қатысуымен 15 вебинар сәтті өткізілді. Аталған бағдарламаның мақсаты-бизнес және заң қоғамдастықтарының әлеуетті өкілдерін АХҚО Соты және ХТО туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ 90-нан астам коммерциялық дауларды жылдам әрі экономикалық тиімді шешуге ықпал ететін, АХҚО Соты мен ХТО-ның ONLINE электрондық сот төрелігі жүйесін табысты іске қосуды қоса алғанда, дауларды шешу процесінің басқа аспектілері туралы хабардар ету.
АХҚО Соты мен ХТО бағдарламасының вебинарларында Online Astana Finance Days 2020-дағы ірі корпорациялардың заңгерлері COVID-19 пандемиясы кезінде және одан кейінгі дауларды шешудегі маңызды мәселелерді талқылайды.
2002 жылғы 1 шілдеде "Дауларды онлайн түрде шешу: бүгіні мен болашағы" атты вебинарда Бейжің мен Гонконгтың жетекші төрелік институттарының өкілдері дауларды шешу саласындағы соңғы инновациялар мен трендтерді талқылайды. 2020 жылғы 3 шілдеде АХҚО Сотының төрағасы Лорд Манс және ХТО төрағасы Барбара Доманн QC ханым (Корольдік кеңесші) вебинар қатысушыларының сұрақтарына жауап береді, сондай - ақ АХҚО Соты мен ХТО-ның әлеуетті пайдаланушылары үшін жаңа қызметтер туралы айтып береді.