Қазақстанда коронавирусты жеңіл және симптомсыз көтеретін адамдарға көшпелі бригадалар ақылы қызмет көрсетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Коронавирус жұқтыру күдігі болған адамдарға, клиникалық белгілері жоқ науқастар мен жеңіл түрде ауырып жатқан сырқат азаматтарға амбулаториялық көмекті мобильді көшпелі бригадалар көрсетеді. Осы күнге дейін 380 бригада құрылып қойды. Олардың санын 3 мыңға жеткізу көзделіп отыр. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап көшпелі бригадалардың қызметі үшін арнайы тариф белгіленді. Ал емханаларға тіркелген халық учаскелік дәрігерлерден консультациялық көмек ала береді", деді Денсаулық сақтау министрі.