Жапония билігі Сенкаку даулы аралдарының (Дяоюйдао − қытайша атауы) ауданындағы аумақтық суларға Қытай кемелерінің басып кіруіне байланысты наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Токио мен Пекин арасындағы дипломатиялық тараптар бойынша нақты наразылығымызды жариялаймыз. Біз жапон балық аулау кемелеріне жақындау жөніндегі іс-әрекеттердің тоқтатылуын, ал кемелер аумақтық сулардан шығуды талап етеміз", деп мәлімдейді Үкіметтің Бас хатшысы Есихидэ Суга баспасөз мәслихатында.
Киодо агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні екі қытайлық патрульдік кеме Сенкаку аралдарында пайда болған. Содан кейін олар жапон балық аулау кемесіне жақындауға әрекет жасаған. Іс-әрекеттері сәтсіз аяқталып, жапондық қауіпсіздік қызметінің патрульдік кемесімен тоқтатылды.
Бүгін таңертең ҚХР-ның екі кемесі аумақтық сулардың бірінен байқалып, оның біреуі су зеңбірегімен жабдықталғаны анықталды.
Әлі күнге дейін Қытай мен Жапония арасындағы Сенкаку (Дяоюдао) аралдары аумақтық дау тақырыбы болып қала бермек. Себебі Жапония 1895 жылдан бері қолданып келеміз десе, ал Бейжің Дяоюдао аумағын 1783 және 1785 жылғы қытай карталарынан табуға болатынын айтады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аталған арал АҚШ-тың бақылауында болып, тек 1972 жылы Жапонияға беріледі.
Бұдан бөлек Күншығыс елі аралды Таивань мен Қытай заңсыз қолданып келеді деген пікірде. Өйткені аралдың акваториясы пайдалы қазбаларға бай екендігі көпшілікке мәлім.