Бүгін Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта көпбалалы және жалғызбасты әйелдерге арналған "Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы" атты шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған шара барысында "Ұрпақ тәрбиесі ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы" тақырыбында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиетінің "Мәдениет және өнер" кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиева сөз сөйледі. Сонымен қатар, "Сән әлеміндегі "Нео-фальклор" үлгісіндегі қолөнер туындылары" тақырыбында өнертанушы, доцент, техника ғылымдарының кандидаты, белгілі дизайнер, "АSPARA FASHION WEEK" сән апталығының президенті, "Асыл-Дизайн" сән үйі мен "Аспара" модельдік өнер және бизнес колледжінің негізін қалаушы Айдархан Қалиев өз ойымен бөлісті. Ал, "Әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы" тақырыбында қалалық "Jambyl Taraz" газетінің директор-бас редакторы, қалалық мәслихаттың депутаты Эльмира Мырза-Ғали, "Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыстабу" тақырыбында "Goodmaker" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Тараз қалалықмәслихатының депутаты А.Қайназарова және "Бақытты отбасының құпиясы" тақырыбында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының лекторы, психология магистрі, "НИКА" коммуникативтік дамыту орталығының тренері Г.Сарытай сөз сөйледі.
Жамбыл облысы