Қоғам қайраткері Қуат Есімхановтың ұйымдастыруымен Нәби Айтжанов бастаған 4-5 жас кəіпкердің қаржылай қолдауы арқылы тұлғаны мәңгі есте қалдыру шарасы жүзеге асты, - деп жазады Egemen.kz
Осылайша, Қазақстанның еңбек Ері, Кеңес Одағының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Еркеғали Рахмадиев тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Ескерткіш тақтаны орнату мәселесіне қатысты Қазақстанның "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына сүйенген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арнайы Қаулысы да бар.
Елорданың "Сарыарқа" ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылы 36а мекен-жайында орналасқан бұл көпқабатты үйде композитор 2003-2013 жылдары ғұмыр кешкен болатын. Ескерткіш тақтаның авторы мүсінші – Асхат Кәкімжанов.