• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Шілде, 2020

Қымбат автомашиналарды елге заңсыз кіргізудің жолын кесті

1303 рет
көрсетілді

Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, Мемлекеттік шекара арқылы құқыққа қайшы әрекеттер тоқтамай тұр.

Сонымен, 2020 жылғы 5 шілдеде "Қайрақ" өткізу пунктінде (Қостанай облысы) шекарашылар шекаралас мемлекет аумағында айдап кетілуі ықтимал қымбат тұратын "Lexus RX 300" және "Тойота Камри 70" автомашиналарын елге заңсыз кіргізу фактісінің жолын кесті.

Автокөлікті толық қарау кезінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізумен бүркемеленген шанақтың нөмірлік белгілерін қолдан жасау белгілері анықталды.

Материалдар одан әрі процессуалдық іс-қимылдар жүргізу үшін аумақтық полиция бөлімшесіне берілді.

Шекарашылар шекарада өткізу пункттерінде жалған шанақ нөмірлері, теxникалық паспорттары мен басқа да қолдан жасау белгілері бар автомашиналарды тұрақты түрде анықтайтынын атап өту керек.