Бразилия президенті Жаир Болсонарудан коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдардың пайда болуына байланысты аптаның соңына дейін жоспарланған іс-шараларды кейінге қалдырды, - деп хабарлайды Egemen.kz
ТАСС агентігінің мәліметінше, Ж. Болсонару коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесін күтіп отыр.
Ал президентінің айтуынша, дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, ағзаға өттегінің түсуі 96 процентке дейін төмендеген. Осыған орай саясаткер өзінің барлық кездесулерін кейінге қалдырып, ем қабылдауға кірісті. Емделу үшін ол гидроксихлорохинді қабылдайтынын айтқан.
Айта кету керек, Бразилияда 1 623 284 жағдай тіркелді, 1 062 542 адам сауығып шықты, 65 487 адам қайтыс болды.