Қызылорда облысы аумағында «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасының 1 айында 41 есірткі қылмысы тіркелді. Оның 37 дерегі есірткі өсіруге, 4 оқиға аса ірі мөлшерде сақтауға қатысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалқаровтың айтуынша барлығы 32 адам ұсталып, оның 12-сі қамаққа алынған.
- Оқиға орнынан 15 мың 275 түп сора өсімдігі жойылды, заңсыз айналымнан 21 келі 378 грамм марихуана және 2 дана атыс қаруы тәркіленді,- дейді Серік Хасенұлы.