• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Шілде, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті

134 рет
көрсетілді

Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Францияның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі ел арасындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алатынын айтты.

Елбасы Николя Саркозиге шынайы құттықтауы мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, 2008 жылы Парижде тараптар қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы келісімінің ерекше маңыздылығына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Франция жағы бастамашы болды.