• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Р. Дүйсенбаев көшесі 18 шілдеге дейін жартылай жабылады

245 рет
көрсетілді

Жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол желісін орташа жөндеу аясында Р.Дүйсенбаев көшесінде Аспара көшесінен Герцен көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты, 8-18 шілде аралығында аталған учаскеде жол қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған. "Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.