• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Шілде, 2020

Бразилияда журналистер ел президентін сотқа берді

246 рет
көрсетілді

Бразилияның баспасөз қауымдастығы коронавирус инфекциясы табылған ел президенті Жаир Болсонаруды ауруын біле тұра тілшілердің алдына шығып сұхбат бергені үшін айыптап, сотқа шағымданды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінде коронавирус симптомдары пайда болып, коронавирусқа тест тапсырғанын айтқан еді. Болсонаруға тест нәтижесі бойынша "Covid-19" диагнозы қойылған. Осыны біле тұра президент тілшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Өзінің қауіпті індетті жұқтырғанын брифингте дүйім жұртқа жариялады.

Ұйымның ресми сайтында Болсонару бетіндегі маскасын шешіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны туралы жазылған. Журналистер мемлекет басшысын оқшаулану талабын орындамай, заң бұзушылыққа барды деп айыптап отыр. Жергілікті заң бойынша айыпталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе айыппұл төлейді.

Айта кетейік, кеше Бразилия президенті коронавирус жұқтыруы мүмкін екені жөнінде хабарлаған едік.