• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 08 Шілде, 2020

Атырауға 278 медицина маманы қажет

960 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің  айтуынша, Атырауда ең өзекті проблеманың бірі –медицина кадрларының  жетіспеушілігі, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Атырау облысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реанимотолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді" - деді   облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингте.

Әкімнің айтуынша, қазір медицина саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін   бірнеше нұсқа  қарастырылып жатыр. Оның ішінде Ресейден білікті дәрігерлерді шақыру мәселесі де бар. Сонымен бірге, еліміздегі медициналық жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарды тарту көзделіп отыр.