Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 7 шілдеде сағат 13:06-да тұтаныпты, деп хабарлайды.
"Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Атырау қаласының Азаттық даңғылындағы 126-б мекенжайына таман орналасқан 3 гараж жанып жатқаны туралы хабар түсті. Үш гараждың жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Оның екеуі қараусыз қалған. Ал, үшінші гараждың ішінде тұрған ВАЗ-21213 маркалы автокөліктің де жанғаны анықталды" - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өртті сөндіруге арнаулы қызметтің жеке құрамынан 6 қызметкер мен 2 АЦ маркалы арнаулы көлік жұмылдырылды. Өрт сағат 13:36-да оқшауланып, сағат 13:54-те толық өшірілді.