• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Шілде, 2020

Тамақтану орындарының 30%-ы жабылуы мүмкін

239 рет
көрсетілді

Мейрамханалардың карантиндегі табысы шығынның жартысын да жаппайды. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Карантин салдарынан елдегі мейрамханалар мен асханалардың үштен бірі жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан рестораторлар қауымдастығының президенті Гүлнәр Қатыбаева мәлімдеді.

Маманның айтуынша, кейбір мекемелердің карантинде жұмыс істеуге рұқсаты болмаса да, ашық тұр. Қазірдің өзінде тамақтану және көңіл көтеру орындарының 30 пайызы заңсыз жұмыс істеуде. 

Мейрамханалардың карантиндегі табысы шығынның жартысын да жаппайды. Бұрын олар тауар айналымының 70 пайызын ғана көрсетсе, қазір бұл да болмауы мүмкін. Яғни асханалардың көпшілігі не жабылады немесе көлеңкелі нарыққа кетеді.