• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Алматы облысында қосымша 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынады

348 рет
көрсетілді

Облыста 165 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Биылғы жылдың 6 айында олар 300 мыңнан астам шақыруға қызмет көрсеткен. 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шақырулар саны 2 есеге өскен. Бұл жайлы бүгін облыс әкімінің орынбасары атыржан Байжұманов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, жалпы облыс бойынша жедел медициналық көмек бригадасы күніне 3 мыңға дейін шақыртуға барады. Қазір жедел жәрдем қызметкерлерінің жүктемесі ауыр болып отыр, сондықтан облыс әкімі бригада санын арттыру туралы шешім қабылдады. Мысалы, жыл соңына дейін қосымша 100 жедел жәрдем көлігін жеткізу күтілуде. Оның 70-і лизингімен, 30-ы жергілікті бюджеттен сатып алынуда. Аталған көліктер келесі айдан бастап жеткізіле бастайды.

Сол сияқты медициналық жедел жәрдем көліктерін жабдықтау үшін республикалық бюджет есебінен өкпені жасанды желдету портативті аппаратының 57 бірлігі жеткізілді.