• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2020

Карантиннің сақталуын мониторинг топтар бақылауда

427 рет
көрсетілді

Өңірде елімізде жарияланған екі апталық карантинге байланысты шектеу шаралары  жалғасуда, - деп жазады Egemen.kz

Онлайн баспасөз жиынында облыстың бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің мәлімдеуінше,  карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг топтар бақылау жүргізеді.

Мысалы,  облыс орталығында құрылған 7 топ өкілдері ең алдымен ережелерді жиі бұзатын тамақтану, сауда орындары сияқты нысандарды аралауда.

Сондай-ақ, өндірістік орындар да бақылауға алынған. Қоғамдық көліктерде адам саны 50 пайыздан аспауы, бетперделер тағылғаны қадағалануда.

Ал,  қоғамдық көліктер әдеттегідей көше бағыттарында жүруде. Егер де қоғамдық көлікте карантин ережелері  бұзылғаны анықталса, тасымалдаушы жауапқа тартылады. Хаттама толтырылады.

Бұған дейін облыстың Бас санитар дәрігерінің талаптарын орындамаған кәсіпкерлер 4 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен бірге, өңірімізде той, үйлену тойларына, отбасылық шараларға тыйым салынды. Балалар, тәрбиешілер арасында инфекция таралмауы үшін балабақшалардағы кезекші топтарға да  бару тоқтатылды.

"Әрі көпшілік үйлерінде жасайтындықтан бұндай шаралардың өтіп жатқаны туралы белгі түскен кезде ғана тексере аламыз. Алайда, туған күн немесе өзге де отбасылық шаралар жасырын өткен болып, сол жиналғандар ортасында ауруды тасымалдаушы жүріп, кейін індетке шалдығу жүргені анықталса, сол шараны ұйымдастырушылар жауапқа тартылады", деді Батырбек Әлиев.

Павлодар облысы