• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Шілде, 2020

Бір минут үнсіздікпен еске алады

1824 рет
көрсетілді

2020 жылдың 13 шілдесіне белгіленген Жалпыұлттық аза тұту күнінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

"Жалпыұлттық азалы үнсіздік" шарасын "Qazaqstan" Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде "Хабар агенттігі" АҚ мен "Қазақстан"телерадиокорпорациясына қарасты теле, радио арналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.