Президент Атырау облысындағы ахуалға алаңдаушылық білдіріп, ел Үкіметі өңірге көмектесетінін білдірді.
«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде барлығы 7393 адам тіркелген, оның 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болғандар саны – 13.